Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысты. Қазіргі таңда іс сотқа жолдау үшін прокурордың қарауына жіберілді.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Сондай-ақ, қылмысқа байланысты 8 бейнематериал зерттелді.
Ауқымды тергеу нәтижесінде 62 томдық қылмыстық іс жиналып, оған барлық дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды құжаттар енгізілді.