Таразда жасөспірімдер қауіпсіздігін алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде

Таразда жасөспірімдер қауіпсіздігін алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бала құқықтарын қорғау, жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы институтын қолдау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы білім беру ұйымдары әрбір бала үшін қауіпсіз орта болуы қажеттігін атап өтіп, зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, буллинг пен қатыгездікке жол бермеу, жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырған еді. Осы орайда балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың психологиялық саулығын сақтау, әлеуметтік қолдау көрсету және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру білім беру жүйесінің басым міндеттерінің біріне айналып отыр.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» Қағидасы мен «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында білім алушылардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің және бопсалаудың алдын алу, сондай-ақ балаларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, 5–11-сынып білім алушылары арасында «Бопсалаудың алдын алу», «Буллинг және кибербуллингтің зияны», «Қауіпсіз мектеп ортасы», «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар білім алушылардың психологиялық ахуалын зерделеу мақсатында бақылау, әңгімелесу және диагностикалық жұмыстар жүргізілуде. Қажет болған жағдайда тәуекел тобына жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылады.
Білім беру ұйымдарында сенім жәшіктерінің жұмысы жандандырылып, білім алушылардың өз өтініштері мен мәселелерін жасырын түрде жеткізуіне де мүмкіндік жасалған.
Бұдан бөлек, республикалық «111» байланыс нөмірі мен «109» сенім телефоны туралы ақпараттық парақшалар әзірленіп, білім беру ұйымдарының көрнекі әрі қолжетімді орындарына орналастырылды. «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында шаһарда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде.
Осы бағыттағы ілкімді істердің нәтижесінде жасөспірімдерді бейімдеу орталығына (ЦАН) 2025 жылы білім бөлімінің қорытындысы негізінде 56 бала орналастырылса, 2026 жылдың басынан бері 18 бала жайғастырылды.
Арнайы білім беру ұйымына (арнайы мектепке) орналастыру бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен 28 балаға қатысты қаулы шығарылды.
Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау бағытында да тиісті шаралар қабылдануда. 2025 жылы қорғаншылыққа алынған балалардың 12-сі балалар үйіне қайтарылды. Сонымен қатар 2025 жылы 7 ата-ана 10 балаға қатысты ата-аналық құқықтарынан айырылды. Ал 16 ата-анаға 34 балаға қатысты ата-аналық құқықтарын шектеу шаралары қолданылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері 2 ата-ана 4 балаға қатысты ата-аналық құқықтарынан айырылды.
Балалардың әлеуметтік жағдайын зерделеу және қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау мақсатында білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін толтыру, тәуекел тобындағы, әлеуметтік осал санаттағы және мектепішілік бақылауға алынған білім алушылардың тізімін қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылған.
Өткен оқу жылында аталған санаттар бойынша 25 832 білім алушы есепке алынып, бақылауға алынған. Қолдауды қажет ететін және әлеуметтік мәселелері бар отбасыларды анықтау мақсатында мектеп қызметкерлері бірыңғай акт үлгісі бойынша жұмыс жүргізіп, тексеру нәтижелерін фотоесеп түрінде тіркеп отырады. Жүргізілген профилактикалық және әлеуметтік қолдау жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі таңда аталған тізімдегі білім алушылар саны 20 022-ге дейін қысқарды.
Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында жан-жақты көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, тегін тамақтандыру, әлеуметтік төлемдер алу, маусымдық киім-кешекпен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға тұрмыстық және азық-түлік көмектері көрсетілуде.
Бұл мақсатта «Жақсылық жаса» акциясы ұйымдастырылып, оның аясында бірқатар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда бекітілген профилактикалық жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында «Мейірімділік айлығы» өткізілуде. Айлық аясында қайырымдылық, қамқорлық және өзара көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.