Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Бибарыс Әшірбай әлем чемпионатының финалына шықты

0 16
Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 27 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Бибарыс Әшірбай финалға жолдама алды.

Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды.

Жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Бибарыс қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. Енді отандасымыз шешуші кездесуде жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салуға ұмтылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан финалға жалпы төрт боксшы шықты. Бибарыс Әшірбайдан бөлек, Алина Құдайгенова (57 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) да чемпиондық атаққа таласады.

Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі) әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 27 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.