Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған «JAMBYL CIVIL HUB» шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау басталды

0 6

Конкурс “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” ЗТБ ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның операторы – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Конкурс аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға арналған 5 шағын грант беріледі. Бір грант көлемі – 500 000 теңге.

Конкурсқа Жамбыл облысында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
📌 2026 жылғы 26 маусым – 3 шілде аралығы

Оқыту курсының өткізілу мерзімі:
📌 2026 жылғы 30 маусым – 3 шілде аралығы

Жобалық өтінімдерді қабылдау:
📌 2026 жылғы 30 маусым – 7 шілде аралығы

Конкурс нәтижелері:
📌 2026 жылғы 13 шілдеде жарияланады.

Әлеуметтік бастамаңызды жүзеге асырып, өңір дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Конкурсқа қатысуға өтінім формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZ2XQFnyrfnCGhZOSNbZRWA9Rpp3KpAoRCH2RmFewwAAjRLQ/viewform?usp=header

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.