Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат Қазақстанға қайтарылды

Құнды жәдігерлерде еліміздің тарихы қамтылған, олармен қазір отандық ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия сияқты елдерден әкелінген. Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді

0 1 490

Сонымен қатар, Асхат Оралов өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде 18 археологиялық зерттеу жүргізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде 30 ескерткіш қалпына келтірілгенін атап өтті. Олардың ішінде атап айтқанда Әзірет Сұлтан музей-қорығы, Отырар қалашығы, Жаркент мешіті, Ботай қонысы, Бөкей Ордасы, Ахмет Байтұрсынұлы мүзей-үйі, Бекет ата жер асты мешіті нысындары бар.

«Министрлік шетелден әкелінген тарихи құжаттардағы ақпараттың ғалымдардың зерттеулерінен кейін жария болуы үшін жұмыс жүргізетін болады. Бұл көзі қарақты оқырмандарымыздың еліміздің тарихы туралы жаңа білім алуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, министрлік сапалы кітаптар шығаруға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылы өңірлерге 506 мың дана кітап жіберілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі. Біз еліміздің кітапханаларын сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ететін боламыз».Асхат Оралов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.