Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Робот сот орындаушысы арқылы жыл ішінде 78,9 миллиард теңге үнемделген

0 81

Елімізде жаңа инновациялық технологиялар соңғы жылдары табысты енгізілуде. Цифрландыру бағытындағы мұндай сәтті трансформацияның мысалдарын сан саладағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді және бизнеспроцестерді оңтайлы шешуде, өмір сүру сапасын жақсартудағы жетістіктерден анық байқауға болады. Бұдан бөлек, цифрландыру басқару жүйесі мен заң саласына да айтарлықтай әсер етіп келеді.

Еліміздің заң саласындағы маңызды жетістіктің бірі – «Сот орындаушысы роботынын» енгізілуі. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегінақ атқарады. Жаңа жобаның нәтижесінде ел азаматтары 2 миллиард теңгеге жуық соманы үнемдей алады.

– Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, заң саласында цифрлық қолжетімділіктерді арттыру да бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. Жүйе алгоритмі келесідей тәртіппен жұмыс істейді: алдымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді. Бұдан кейін робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттігі туралы SMS хабарлама жөнелтеді. Үшінші қадам – айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады. Төртінші қадам – төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады, – дейді Жамбыл облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов.

Робот сот орындаушысы азаматтарға қатысты 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар негізінде қозғалады. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы әкiмшiлiк құқықбұзушылық iстер бойынша шығарылған сот және уәкілетті орган қаулылары, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар, берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық пен атқарушылық құжаттар қабылданады.

Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол туралы қаулы шығарылады. Борышкерге жеңілдетілген өндірісті қозғау туралы СМСхабарлама оның ұялы телефонына немесе басқа байланыс құралдарына жіберіледі.

Бұл жерде СМС хабарлама 1414 нөмірінен немесе e-Gov mobile мобилдік қосымшасынан келеді. Атқарушылық құжат бойынша берешекті оңайлатылған іс жүргізуде төлеу жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей жүзеге асырылатынын атап өту қажет.

Борышкер оңайлатылған іс жүргізумен келіспеген жағдайда, қаулымен танысқаннан кейін алынған сілтеме бойынша өтіп, көрсетілген терезеде «Келіспеймін» батырмасын басу арқылы атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған іс жүргізуде орындаудан бас тартуға құқылы.

Бұл жағдайда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға беру туралы қаулы қалыптастырады. Оңайлатылған өндірісте қандай мәжбүрлеп орындау шаралары қолданылады? О

ңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін борышкер туралы мәліметтер автоматты түрде борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Оңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін күнтізбелік бес күн өткен соң атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде санкциясыз борышкердің екінші деңгейдегі банктердегі есептік шоттарына тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

– Банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналасқан борышкердің ақшасы мен мүлкіне тыйым салынған күннен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң борышкердің борыш сомасын төлегені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе сі арқылы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде борышкерге мүлікке билік ету жөнінде белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. Банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасын өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады. Инкассолық өкім оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн өткен соң электрондық нысанда өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттарды қоса бере отырып, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданады, – дейді Нұрғали Андасов.

Жалпы цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу бойынша барлығы 1, 09 миллиард теңгені құрайтын 51 643 атқарушылық іс қозғалған. Оның ішінде 315 934 765 теңгені құрайтын 15 790 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты қысқартылса, 5 387 атқарушылық іс жүргізу орындалу сатысында.

Осылайша Робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметінің ақысына төленетін 78,9 миллион теңге үнемделіп отыр.

Қорытындылай келе қазақстанның цифрландыру саясаты тек әлеуметтік-экономикалық салаларда ғана емес, заң жүйесінде де айтарлықтай жетістіктерге жол ашып отыр. Соның айқын мысалы – «Сот орындаушысы роботының» енгізілуі. Бұл жоба ел азаматтарына уақыт пен қаржы үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, әділет саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттырып отыр.

Бұрын айыппұлын уақытында өтемеген азаматтар жеке сот орындаушыларына жүгінуге мәжбүр болатын. Мұндай жағдайда айыппұл сомасына қосымша шығындар жүктеліп, төленетін қаржы 25 пайызға дейін артып кететін. Ал бүгінгі таңда жаңа жүйе бұл шығынды жойып, азаматтарға тек негізгі айыппұлды төлеу мүмкіндігін береді. Нәтижесінде ел тұрғындары бір ғана жылдың ішінде 78,9 миллион теңге көлеміндегі артық төлемнен құтылды. Бұл – халық үшін де, мемлекет үшін де тиімді шешім.

Жаңа жүйенің жұмыс істеу алгоритмі де қарапайым әрі түсінікті. Әкімшілік айыппұлды төлемегендерге алдымен ескерту хабарламасы SMS арқылы жіберіледі. Егер борыш белгіленген мерзімде өтелмесе, іс сот орындаушысы роботы арқылы оңайлатылған іс жүргізу тәртібіне ауысады. Мұнда борышкердің банктік шоттарына шектеу қою, мүлкіне билік ету құқығын уақытша тоқтату сияқты шаралар автоматты түрде іске қосылады. Бұл процестердің барлығы электронды түрде, адами фактордың араласуынсыз жүзеге асады. Яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайып, рәсімдердің әділдігі арта түседі.

Цифрлық сот орындаушысының енгізілуі мемлекеттің «Цифрлық Қазақстан» стратегиясымен үйлесімді дамып келеді. Жүйенің басты артықшылығы – жылдамдық. Құжаттар автоматтандырылған ақпараттық жүйеде өңделіп, борышкерге дереу хабарландыру жіберіледі. Бұрынғыдай қағазбастылық, ұзақ кезек күту немесе шенеуніктерге жеке жүгіну қажеттігі жоқ. Барлық процесс онлайн түрде, ашық әрі қолжетімді.

Статистикалық деректер де жобаның тиімділігін дәлелдейді. Бір жыл ішінде робот сот орындаушысы арқылы 51 643 атқарушылық іс қозғалып, оның жалпы сомасы 1,09 миллиард теңгеге жеткен. Бұл санақ цифрлық жүйенің қаншалықты ауқымды жұмыс істей бастағанын көрсетеді. Азаматтар үшін уақытылы төлем жасау жеңілдеп, артық шығындардан құтылу мүмкіндігі артқан.

Сонымен қатар, борышкер жүйемен келіспеген жағдайда өз қарсылығын да онлайн түрде білдіре алады. Бұл құқықтық мемлекет қағидаттарына сай келетін демократиялық қадам. Яғни, жүйе біржақты шешім қабылдап қоймай, азаматтарға да өз пікірін білдіру, әділетті қорғау құқығын сақтап отыр.

Жалпы, «Сот орындаушысы роботы» – құқықтық қызметтердің сапасын арттырудағы үлкен қадам. Ол азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеріп қана қоймай, мемлекеттік органдардың тиімділігін де айқын арттыруда. Электронды форматта жұмыс істеу арқылы әділет саласындағы жұмыс күші жеңілдейді, бюджеттік шығын қысқарады, ең бастысы – халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсарады.

Алдағы уақытта мұндай жобалар одан әрі жетілдіріліп, кеңейтілетіні сөзсіз. Мәселен, тек айыппұл өндіріп алуда емес, басқа да азаматтық-құқықтық міндеттемелерді орындауда цифрлық шешімдер қолданылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде құқықтық жүйені түбегейлі жаңғыртып, әділет саласын толықтай автоматтандыруға жол ашады.

Қорытындылай келгенде, «Сот орындаушысы роботы» – қарапайым халықтың мүддесін қорғауға бағытталған, заманауи әрі тиімді жоба. Ол цифрландырудың нақты жемісін көрсетіп отыр. Уақытты, қаражатты үнемдеу, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету – кез келген құқықтық реформаның негізгі мақсаты. Бұл бастама сол мақсаттарға толықтай жауап береді. Енді еліміздің әрбір азаматы үшін құқықтық қызметтің қолжетімді, жедел әрі әділ болуына нақты мүмкіндік жасалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.