Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Жағымды жаңалық»: дәрігерлерге қосымша 1 млн 700 мың теңгеге дейін төлем берілуі мүмкін

0 70
Сарапшылардың сөзінше, мұндай төлемдер ерекше еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандырып, сапалы қызмет көрсетуге серпін береді

Дәрігерлердің еңбегін бағалау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ынталандыру тетіктерін енгізіп жатыр. Жұмысты сапалы әрі артығымен атқарған медицина қызметкерлеріне тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін қосымша төлем берілуі мүмкін.

«JibekJoly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарушы директоры, терапевт-дәрігер Жанар Ботагарина бұған қатысты пікір білдірді.

Ең бастысы индикаторлар толығымен автоматтандырылған. Яғни, қосымша қағазбастылық жоқ. Барлығы ресми түрде тіркеліп отырады. Айта кетейік, қаража тек дәрігерлерге ғана емес, учаскелік медбикелер мен фельдшерлерге, сонымен қатар, жүкті әйелдермен жұмыс істейтін әйелдерге де қарастырылған.

Сарапшылардың сөзінше мұндай төлемдер ерекше еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандырып, сапалы қызмет көрсетуге серпін береді.

– Бұның барлығы емханадағы дәргілерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қарастырылған. Себебі емханада істейтін мамандардың жұмысы физикалық әрі психикалық тұрғыда өте ауыр. Бұлай дейтініміз, соңғы уақытта созылмалы емес және созылмалы-жұқпалы ауру саны көбейді. Ынталандыру компонент жүйесі 2011 жылы енгізілген болатын. Содан бері бұл жүйе жетілдірілген жоқ. Мәселе биыл тағы да қолға алынып отыр. Негізгі мақсат – емхана қызметкерлерін ынталандыру, — дейді Жанар Ботагарина.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.