Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Несиесі бар жандар үшін жағымды жаңалық тарады

0 12
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы айтты.

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар енді кредитті кез келген уақытта айыппұлсыз мерзімінен бұрын төлей алады. Бұл норма бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады.

Алайда, заң күшіне енгенге дейін төленген айыппұлдар мен айыпақылар қайтарылмайды.

Енді мерзімінен бұрын төлем жасағаны үшін айыппұл тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын болады.

Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін маңызды жеңілдік қарастырылған. Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мұндай қарыз алушыларға қосымша төлемдер мен комиссияларсыз, кемінде 3 ай мерзімге несие төлемін шегеруге міндетті.

Төлемді шегеру шарттары:

Қарыз алушының соңғы 2 айдағы орташа табысы өткен 12 айдағы орташа табысынан 30%-дан астам төмендесе;

Қарыз алушыға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған болса.

Агенттік бұл өзгеріс азаматтарға борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.