Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында ер адам алтын өндіретін кәсіпорынға жасырын кірген

0 12

Жамбыл облысында Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот азамат К. 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кіргенін анықтады.

«Сотта К. кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза кеспеуді сұрады. Оның кінәсі хаттамамен, К.-ның түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғаларының баянаттарымен дәлелденді», — деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза кесілді. Қаулы заңды күшіне енді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.