Биылғы грант иегерлерінің тізімі белгілі болды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінгенін хабарлады. Бұл гранттардың басым бөлігі еңбек нарығының сұранысына сай бағыттарға бағытталған.
- 60% – техникалық мамандықтарға;
- 20% – педагогикалық бағыттарға;
- 20% – басқа да салаларға бөлінген.
Грант бөлу кезінде заңнамада бекітілген квоталық санаттар да ескерілген. Атап айтқанда:
- ата-анасынан айырылған немесе мүгедектігі бар балалар,
- көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан талапкерлер,
- мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан үміткерлер.
Бұл талапкерлер квота шеңберінде де, жалпы негізде де грант конкурсына қатыса алады.
Грант көлемін анықтау барысында министрлік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек нарығына қатысты деректеріне сүйенеді. Осылайша, сұранысқа ие мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылады.
Биыл да сараланған гранттар бөлінуі жалғасады. Былтыр алғаш рет енгізілген бұл бастама бойынша биыл да:
- 150 грант – педагогикалық бағыттарға;
- 150 грант – жаратылыстану бағытына бөлініп отыр.
Сараланған гранттар бойынша конкурс негізгі гранттар бөлінгеннен кейін өтеді. Қосымша құжат тапсыру талап етілмейді. Барлық қажетті ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының базасында тіркеледі. Жеңімпаздар тізімі қыркүйек айының соңында жарияланады.
Гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша тағайындалады. Талапкерлерге 4 жоғары оқу орнын және 4 білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Сонымен, грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеден қарай аласыз.