Жамбыл облысында мылтық ұстаған жасөспірім досын абайсызда атып алған
Сотта кәмелетке толмаған баланың достарымен бірге әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықпен бөтелкелерді атқаны, құлаған бөлекені түзеп қоймақ болғанда Т. байқаусызда шүріппені ертерек басып қалып, оқ жәбірленушінің иегіне тигені анықталды.
Сот отырысында кәмелетке толмаған Т. кінәсін толық көлемде мойындады. Жәбірленуші М. ешқандай шағымы жоқ екенін түсіндіріп, шешімді соттың қарауына қалдырды. Адвокат Т-ның іс-әрекетінде ауырлататын мән-жайлар жоқ болғандықтан, соттан минималды айыппұл тағайындауды сұрады.
Криминалистің қорытындысына сәйкес, «Cometa 300» пневматикалық қаруы спорттық жаттығуларға арналған, атыс қаруы емес.
Сот кәмелетке толмаған жасын, кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.