Жамбыл облысында мал азығын дайындау тұрақты бақылауда
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025-2026 жылдардағы мал қыстату маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Облыс бойынша мал азығын дайындау жұмыстары есептік кезеңде қарқынды жүргізілуде.
Нақты айтқанда:
•Шабуға жоспарланған 305,9 мың гектардың 269,2 мың гектары орылды.
Тиісті лауазымдар
•Нәтижесінде 1,6 млн тонна пішен, 100,6 мың тонна пішендеме, 373 мың тонна сабан дайындалды.
Ауа райының құрғақ болуына қарамастан, суармалы дақылдарға қажетті су көлемі дер кезінде жеткізілуде. Бүгінде “Қазсушар” РМК облыстық филиалы мен шаруашылықтар арасында 570 млн м³ суға 3 888 шарт жасалып, 370 млн м³ су таратылды.
Көпжылдық шөптер екі рет суарылып, үш рет орылды. Қазіргі уақытта қант қызылшасы, майлы және көкөніс дақылдарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.