Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0 68
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025 жылы облыста жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28,0 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында өңірде 183 жоба іске асырылып, 481,8 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту және орташа жөндеумен қамтылып отыр. Оның ішінде:
•Облыстық маңызы бар – 62,1 шқ,
•Аудандық маңызы бар – 50 шқ,
•Елді мекен көшелері – 344 шқ.
Тараз қаласында ұзындығы 17,7 шақырым болатын жол құрылысы жүргізілуде. «Бурыл А, Б, В», «Барысхан» тұрғын алқаптарына асфальт жолдар салынып, қаланың шеткі шағын аудандары орталықпен тиімді байланысқа ие болады.
Сонымен қатар, 7 көпір мен жол өткелінің құрылысы қолға алынған. Атап айтқанда:
•Абай даңғылы бойында жаяу жүргіншілер көпірі,
•Меркі ауданында теміржол өткелі,
•Жуалы, Қордай, Мойынқұм және басқа да аудандарда көпірлер мен өткелдер салынуда.
456,1 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды, ал жол қауіпсіздігі мақсатында 4,0 млрд теңге бөлініп, келесі жұмыстар жүргізілуде:
•50 870 м² шұңқыр жөндеу,
•1 572 жаңа жол белгі орнату,
•2 641 шақырым жол таңбаларын сызу,
•116 шақырым шағалды жолдарды тегістеу және т.б.
Жыл соңында «жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін» 99,5%, ал елді мекен көшелері бойынша 89% жеткізу жоспарланған.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.