Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

0 52
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер Оразғали Белубаев пен Петр Оконечниковтың мүрделерін Мәскеуден Астанаға жеткізді.

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жауынгерлердің сүйегін туыстарына табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Ресей мен Беларусь елшіліктерінің өкілдері, әскери қызметшілер, ардагерлер және жастар қатысты.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, Қазақстан мен шетелдегі іздеу жасақтары хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің тағдырын анықтауды жалғастыруда.

«Атамның аманаты» ұйымының төрағасы Мұрат Молдағалиев 271 мыңнан астам қазақстандықтың хабар-ошарсыз кеткенін айтып, бүгінге дейін 19 жауынгердің сүйегі туған Отанына жеткізілгенін атап өтті.

Оразғали Белубаевтың сүйегі Ресейдің Новгород облысындағы іздеу жұмыстары кезінде табылып, енді Абай облысы Зубайыр ауылында қайта жерленеді. Ал ұшқыш Петр Оконечниковтың сүйегі Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында қайта жерленбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.