Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

301 босқын Қазақстанды паналады

0 239
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді

Бүгінде елімізде ресми түрде тіркелген 265 пана іздеуші мен 301 босқын өмір сүруде. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысын мекендейді.

Қазақстаннан баспана сұраған барлық шетелдіктерге халықаралық міндеттемелерге сәйкес қорғаныс пен қолдау көрсетіледі. Оларға еліміздегі заңнамаға сай тегін медициналық көмек пен атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Сондай-ақ, босқындар мен пана іздеуші азаматтар еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы. Өзге шетелдіктерден айырмашылығы – оларға еңбек ету үшін жергілікті атқарушы органдардан арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.

Қазақстан заңнамасы әр баланың, оның ішінде босқындар мен пана іздеушілердің балаларының, мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білімді тегін алуына кепілдік береді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді де конкурс негізінде алуға мүмкіндік бар.

«Олар кепілдендірілген медициналық көмекпен және атаулы әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Босқындар мен пана іздеушілерге жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат қажет емес, кәсіппен де еркін айналыса алады. Балалары мектепке дейінгі және орта білімді тегін алады, ал жоғары білімге конкурспен түсе алады. Босқындар азаматтық алуға өтініш бере алады, бұл ретте соттылығы туралы анықтама талап етілмейді», — делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.