Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Досаев аман болса Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін – Зайытов

0 36

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге Алматыда ескерткіш орнатуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Zau.kz,  Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕДІ

— Ақылға қонбайтын нәрсе. Бірақ Досаев сияқты әкімдер аман болса ескерткіш қойылып та кетуі мүмкін. Алматы Жириновскийдің тарихи отаны дегені несі? Онда біз Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя аламыз ба? Қоя алмаймыз. Әркімнің өз мемлекеті бар шығар. Заңда “Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарға ескерткіш қойылады” деп нақты жазылған. Жириновскийдің біздің Қазақстанға не қатысы бар?, дейді Ринат Зайытов.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, 11 наурызда 2026 жылы бірнеше қалада Владимир Жириновскийдің құрметіне ескерткіш ашылуы мүмкін екені, тізімде Алматы да бар екені белгілі болды.

Ескерткіш саясаткердің туғанына 80 жыл толуын мерекелеуге дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының жобасы аясында ашылуы мүмкін. Бұған қатысты құжаттар ТАСС басылымына келіп түскен.

ӘКІМДІК НЕ ДЕДІ

Алматы әкімдігі ескерткіш орнатуға қатысты ұсыныс түспегенін айтты.

— Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ, дейді Алматы әкімдігінің өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне берген жауабында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.