Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Мәжіліс депутаттығынан үміткер төлеуі тиіс сайлау жарнасының көлемі аталды

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында Асылбек Смағұлов мәлім етті

0 2 872

«Сайлау туралы» Заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен аталған заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң ОСК-ның шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленген. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Мәжіліс депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда төленген жарна кері қайтарылады».ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов

Айта кетсек, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы көлемі 70 мың теңге болып бектілген. Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.

«Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыны (350 мың теңге) құрайды. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады».Асылбек Смағұлов

Айта кетсек, бүгін ОСК 19 наурызда Мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялардың тізімін жариялағаны хабарланған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.