Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Айыппұл төледі»: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған азаматқа айыппұл салынды

0 230
Алғашқы айыппұлды қызылжарлық азамат төледі

Петропавл қаласының тұрғыны автокөлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл арқалады. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерін көршісі шақырған.

Айыппұл арқалаған азаматтың өзі хаттаманың скриншотын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ол 5 АЕК мөлшерінде яғни 19 660 теңге айыппұл төлейді.

Қазіргі таңда аймақ тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді. Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес.
Олардың сөзінше, бұл заңды қабылдар да өңірдің табиғи ерекшелігі ескерілмеген.

Айта кетейік, бұл талапты бұзғаны үшін алғашқы жағдайда 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанса, 39 320 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі және құқық бұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.