Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім сотталылды

0 50
Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындаған жоқ.

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысының өліміне кінәлі кәмелетке толмаған үш адам сотталды.

2024 жылдың 30 сәуірінде Байзақ ауданы Кұмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы қайтыс болды. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушылар сегізінші сынып оқушыларын мектептің әжетханасына жинап, олардың бағынуын талап етіп, кеудеге жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан жасөспірімнің кеуде тұсынан ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болған.

 

«Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға 6 жыл 8 ай, Л.Л.-ға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы, ал Т.-ға 1 жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Мемлекет пайдасына сот-медициналық сараптамалар жүргізу үшін процессуалдық шығындар, жәбірленушілердің қорғау қорына мәжбүрлі түрде өтемақы төлеу, сондай-ақ Л.Н.-ның заңды өкіліне 6 млн теңге және Л.Л.-ның заңды өкіліне 5 млн теңге моральдық зиян өтелуі тиіс», – делінген сот хабарламасында.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алғашқыда мектеп қызметкерлері баланың денсаулығы дене шынықтыру сабағынан кейін нашарлағанын айтқан. Алайда сот-медициналық сараптама оның өлімінің себебі – кеуде тұсынан алған ауыр соққы екенін анықтады. Мектеп басшылығы жайтты жасыруда кінәлі деп айыпталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.