Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Энергетика министрі боламын». Тараздық оқушы әлемдегі ең тиімді күн электр станциясын жасады

0 1 991
Ол үшін Қанат Тәжіхан қалқымалы күн панелдерін орнатқан

Тараздық өнертапқыш әлемдегі алғашқы күн электр станциясын жасап шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қанат Тәжіхан  Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бағыты бойынша 12-ші сыныбында оқиды. Жастайынан білім қуған ол қазіргі уақытқа дейін бірнеше сәтті жоба жасап, мемлекеттік гранттарды жеңген. Мәселен, өткен жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының грантын жеңіп, еліміздегі теңдессіз жобасын іске асырды.

—    Менің қызығушылығым социалды-экологиялық мәселелерді шешумен қатар, роботехника IT-инженерия бағытына ауды. Жалпы, өзімнің көптеген жобаларым бар. Бәрі сәтті шықты деуге болады. Нәтижесінде біршама жобаларда жеңімпаз атанып, гранттар жеңдім. Соның бірі, қазір өзім айналысып жатқан күн батереяларының кемшілігін анықтау арқылы тиімдігін арттыру арналған жобам. Осы өнертабысым арқылы «Тәуелсіздік ұрпақтарында» 3 млн теңгенің грантын жеңіп алып, жобамды толық іске асырдым. Мен үшін бұл гранттың орны ерекше. Өйткені, бұл қолдау арқылы біз жасыл экономикаға үлесімізді қоса отырып, еліміздегі ең алғашқы қалқымалы күн батареяларын орнатып, әлемдегі тұңғыш күн электр станциясын жасадық,- дейді ол.

Оқушы күн электр станциясын Алматы облысында салған. Оның сөзінше, ғаламат жоба Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Енді Қанат Тәжіханның өнертабысы жасыл экономикаға жол ашып, энергетика өндірудегі көмірге деген тәуелділікті азайтпақ.

—    Біз 6,6  к/сағ күннің артынан бақылайтын күн электр станциясын жасадық. Атап өтер болсам, бұл станция әртүрлі күн трейкерлерінен құрастырылған. Яғни, күннің артынан бақылап отырады. Экотуристік аймақта орналасқан. Бұл жоба энергетика мен толғауы тоқсан жасыл жасыл экономика мәселесін шешеді. Мысалы, қазір Еуропадағы мемлекеттер әлдеқашан жасыл экономикаға көшіп кеткен. Ал, біз энергетиканың 70 пайызын көмірден алып отырмыз. Өкініштісі сол, біз әлі осындай отынға тәуелдіміз. Мен бұл жобаны жасау үшін шетелдік тәжірибелерге сүйендім. Ең мықты, ең тиімді мысалдарды ала отырып, әу баста ниеттенген күн электр станциясын жасап шығардым,- деді Қанат Тәжіхан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.