Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда жындыханадан қашқан науқас автобус жүргізушісін қанжоса етті

0 137
Қауіпті тұлғаның ұсталған ұсталмағаны әлі белгісіз

Журналист Нұрадин Рақай жақын арада жындыханадан қашқан науқас автобус жүргізушісіне шабуылдап, жарақат салғанын жазды.

Журналистің дерегінше, диспансерден екі адам қашқан. Біреуі ұсталғанымен, екіншісі жайлы әлі хабар-ошар жоқ. Бірақ қала тұрғындары белгісіз ер адамның автобус жүргізушісін пышақтағанын көрген.

—    Қай бір күні психбольницадан екі адам қашып кетті. Өте-мөте қауіпті, қолында қанжар пышақ, дабыл-дабыл деген ақпарат желдей тарады. Өзі Таразда түрмеден қашу, қылмыскерлерден ажырап қалу деген әр айда болып тұратын трендке айналды ғой. Енді мына жындаханадан қашты дегенді қалай түсінсек болады? Кеше біреуі ұсталды дегендей еді. Екіншісін ұстады ма екен? Мына видеода қолына пышақ алып жүгірген азамат кеше автобус жүргізушісін қан жоса етіп, қашып кетті дейді көргендер. Ақыл-есінде ақауы бар адамның дүлей күші болары белгілі. Жүгіргенде көліктіге жеткізбейтін дүлділ жүйрік дейді,- деп жазды журналист.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.