Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Басыңызға қатты доп тиген бе?». Қазақша сұрақ қойған журналисті «хайпшы» деген Нұралы Әліп сынның астында қалды

0 8 622
Ол бұл сөзін Ресейдегі подкаст алаңда айтқан

Спорт журналисі Аслан Қаженов қазақша сұрақ қойған журналисті «хайпшы» деп айыптаған Нұралы Әліпке ел алдында жауабын түсіндіруін талап етті.

Аслан Қаженовтың пікірінше, футболшы бұл сөзді көршілердің «көңілінен шығу» үшін айтуы мүмкін. Деседе, Нұралы Әліптің бұл сөзі көптің ашуын туғызды. Сондықтан журналист футболшыға «елдің алдында жауабыңды кеңірек түсіндіруіңді талап етемін» деді.

  • Нұреке, сізге не болды? Басыңызға қатты доп тиген бе? Қазақстандағы баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қою расымен хайп па? Енді не істейміз? Өзің де «Зенитке» ауысқан алғашқы күндері орысша сұраққа қазақша ғана жауап беріп едің ғой. Сол кезде саған «хайп жасады» демедік. Керісінше, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырды деп қуандық. Ал, енді өз елімізде өз тілімізде сұрақ қойғанымызды төмен көріп отырсың.  Бұны қалай түсінсек болады? Әлде, тек қасыңдағы ана екеуіне жағу үшін солай сөйледің бе? «Өз ұлыңды бөтен үйден тойдырма» — дейтін нақыл сөз бар еді. Тойынғаның ба? Қазір жеп отырған наныңды, қазіргі тауып отырған табысыңды мемлекеттік тілден, оның арғы жағында, ұлт мүддесінен жоғары қойғаның ба? Елдің алдында жауабыңды кеңірек түсіндіруіңді талап етемін…,- деді Аслан Қаженов.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.