Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында кәсіпорын басшылығы 30 млн теңгенің мүлкін 270 мың теңгеге заңсыз сатқа

0 5 593
Нысанды сатып алған үшінші тұлға мүлікті нсие алу үшін кепілге қойған

Жамбыл облысында кәсіпорын басшылығы 30 млн теңгенің мүлкін 270 мың теңгеге сатқаны анықталды.

Прокуратураның дерегінше, 2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатқан. Бұл ретте базаның бағалау құны 30 млн теңгені құраған.

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.

Осы факт бойынша 18.10.2023 жылы Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылған.

  • Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22.02.2024 жылғы шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды. 22.05.2024 жылы апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды,- делінген ресми хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне еніп, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.