Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Тараздағы танымал дизайнер Балғын Балтабаева экс-күйеуінің сотқа бергенін айтып, президенттен көмек сұрады

0 2 761
Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі оның ғана емес, анасының үстінен де арыз жазған

Тараздық дизайнер Балғын Балтабаева экс-күйеуі Азамат Түзелбаев есімді азамат оның және анасының үстінен арыз жазғанын хабарлады. Балтабаеваның айтуынша, бұрынғы күйеуі қызын алдап, «мені анам мен нағашы әжем ұрды» деп айтуға көндірген.

Балғын Балтабаеваның айтуынша, оны күйеуі 10 жыл бойы ұрып-соққан. Бірақ, балалары үшін шыдап келген. Дегенмен, оның айтуныша, осыдан 2 ай бұрын кезекті соққыдан кейін шыдамының шегіне жетіп, күйеуін 10 күнге қаматып, ажырасып кеткен.

«Осы жағдайға байланысты өш алмақ ниетте экс-күйеуім 11 жасар қызымды «нағашы әжесі мен анам ұрады деп айт» деп үстімнен арыз түсіріп отыр. Бірге тұрған жылдары не ақшалай көмек берген емес, не үйге бір түйір нан әкелмеген. Балаларымызды перзентханадан шығарудың өзі үлкен дауға айналатын. Жалғыз өзім дизайнерліктен тапқан табысыммен балаларымды асырап келемін. Туғанына 5 күн болған шақалақтарымды бала күтушіге тастап, жұмысқа шығып отырдым. Себебі, мен жұмыс істемесем, балаларым аш қалады. Ол менен осылай өш алғысы келеді. Маған көмектеріңіз қажет. Азамат Түзелбаев бұрын полиция қатарында қызметін атқарған. Ол заңның бәрін біледі. Анам екеуміздің үстімізден түсірген арыз – жала»,- деп шырылдайды Балғын Балтабаева.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.