Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп пара алған астаналық қамалды

0 4 112
Ол алаяқтық арқылы 100 млн теңге иемденген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Антикор мәлімдегендей, күдікті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған. Ол 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті болып отыр.

«Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.  Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды»,- делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.