Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Тараз тұрғыны әріптесінің телефонынан өзіне 330 мың теңге аударып алған

0 4 138
Оқиға полиция назарына ілікті

Таразда әріптесі біреуге хабарласып алайын деп әріптесінің телефонын сұрап алған: алайда, жымысқы ойын іске асырып, оның шотынан өзіне 330 мың теңге аударып алған.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қалалық Полиция басқармасының екінші полиция бөліміне әйел азаматша жүгініп, әріптесі қоңырау шалу үшін телефонын алдап сұрап алып, оның қаражатын өз шотына аударып алғанын айтып шағымданған. Әйел телефонын қайтарып алған соң біршама уақыттан кейін сатып алу ақысын төлеу үшін банктің қосымшасына кіргенде жеке шотындағы 330 000 теңге жоғалғанын байқаған. Әріптес азаматтың ақшаны өз атына аударғаны белгілі болды», — деп хабарлайды полиция департаменті.

Ұрлық дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті анықталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.