Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Париж-2024: Жолдама аз. Спортшылар үмітті ақтай ала ма

0 2 187
Бүгінге дейін спортшыларымыз спорттың 19 түрінен 58 лицензия жеңіп алды

XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылғы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Төрт жылдың басты спорттық бәсекесінің басталуына 53 күн қалды. Ал қазақстандық спортшылар алға қойған жоспарды орындай алмауы мүмкін.

Жоспар орындалмай қалуы мүмкін

Париж олимпиадасына қойған жоспар орындалмай қалуы әбден мүмкін. Себебі, алда лицензия беретін 11 жарыс қана қалған. Қазір ұлттық құрама қоржында спорттың 19 түрінен 58 лицензия бар.

Бұл туралы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтқан. Оның сөзінше, осы жарыстардан қазақстандық спортшылар Олипиадаға 75-80 жолдама алуы керек.

«Министрлік қойған негізгі меже 90 жолдама болса, әзірге спортшыларымыз 58 лицензия жеңіп алды. Қазір дзюдошылардың рейтингтік қорытындысын күтіп отырмыз. Ол рейтингтік қортынды шыққаннан кейін тағы 8 лицензия қосылуы керек. Осылайша, лицензия саны 66-ға жетеді. Минисрліктің жоспары бойынша біз тағы да 75-80 жолдама алуымыз керек»,- дейді ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Оның сөзінше, Парижге бокстан ұлттық құраманың ерлер командасы түгел барады. Ал боксшы қыздардың үшеуі Франция төрінде ел намысын қорғап, медальға таласады.

Соның бірі — боктан ұлттық құрамадағы ең тәжірбиелі боксшысы, екі дүркін әлем және жеті дүркін Қазақстан чемпионы  Назым Қызайбай күні кеше Олипиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

«2021 жылы Токио Олипиадасына бару бұйырмады. Париждегі жарысқа баруға барымды салдым. Әрине, мен үшін ең бастысы лицензия емес. Сол Олимпиадаға барып медальмен оралу,-деді Назым Қызайбай.

Қазақстандық жанкүйерлер дзюдошылардан да медаль күтіп отырғаны белгілі. Жоғары да атап өткеніміздей, рейтингтік қортынды шыққаннан кейін балуандарымыз 8 лицензияға ие болады. Ал ерлердің 60 келіге дейінгі салмақтағы  Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов, Мағжан Шамшамдин де олимпиадалық рейтингі ілініп тұр. Дзюдо федерациясы олар бір-бірімен күресіп, жеңгені олимпидаға баратынын мәлімдеді. Спортшылар арасындағы бәсеке  ертең Алматыда өтетін болады.

Олимпиадаға әйелдер күресінің спортшылары мен ауыр атлеттер бармайды

Себебі, әйелдер күресінен ешбір спортшыда жолдама жоқ. Түркияның Стамбұл қаласында өткен күрес түрлерінен лицензиялық турнирде Қазақстаннан аттанған 6 спортшы жеңіліп қалған. Осылайша  Париж олимпиадасы алдындағы соңғы іріктеу жарысында әйелдер күресінің өкілдері лицензиға қол жеткізе алмады. Бұл да қазақ спорты тарихында болмаған оқиға.

Сондай-ақ, 1996 жылдан бері барлық Олимпиадаға қатысқан атлеттер Парижге жолдама ала алмады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Пхукетте ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынаған. Сергей Петрович (89 келі) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167, серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 келіні еңсерді. Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты. Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға табан тіреді. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 келіні, қоссайыс қорытындысында 160 келіні бағындырды. Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелене алмады.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, «Париж-2024» XXXІІІ жазғы Олимпиада және XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына Жамбыл облысының 6 спортшысы лицензия ұтып алған. Атап айтқанда,  бессайыстан Георгий Борода-Дудочкин, бокстан Әлем чемпионы, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов, еркін күрестен U-23 Әлем чемпионатының қола жүлдегері, U23 Азия чемпионы, Токио-2020 олимпиадасына қатысушы  Әлішер Ерғали, пара жүзуден Токио-2020 паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет және пара таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы Өмірәлі Нышан және дзюдодан  Азия чемпионы Данияр Шамшаев. Сондай-ақ, әлі де лицензия алуға үміткер 5 спортшы бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.