Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда су тасқыны бітті — ресми мәлімдеме

0 780
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады

Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Еліміздегі су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі сондай-ақ елдегі су қоймаларындағы су деңгейі туралы ақпарат ұсынып отыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.