86 жастағы Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды
86 жастағы Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды
Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады.
Басқосуға еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат қатысты.
Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.
Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.
Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.