Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

8 наурыз мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

0 228
8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне 18 460 теңгеден төленеді.

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады, — делінген хабарламада.

Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.