Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Құрбандарға құрмет – ұрпаққа міндет» дөңгелек үстел өтті.

0 2 235

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу мақсатында 31 мамыр — Ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Құрбандарға құрмет – ұрпаққа міндет» дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушылары Идрисова Гүлжан Бердімбайқызы, Байболов Ерлан Түйтебайұлы, Исаев Зауірбек, аталған к Таңсықова Айгүл, Данабекова Динара, Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлі қатысты.
Қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл — тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі екенін айтып, жастарға бейбіт күннің қадірін біліп, ұлттық намыс пен патриотизмді сақтау керектігін, өткен күн, оқ пен оттың ортасы, мәңгілік жан жарасына айналғаны туралы әңгіме өрбітті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.