Зұлмат жылдар запыраны

Негізінде Саяси қуғын — сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні қазіргіден де кең көлемде əрі лайықты аталып өтуі керек.

Өйткені, бұл XX — ғасырдағы Қазақ тарихындағы ең үлкен қанды қасырет.

Қазақ халқы ашаршылықтан зардап шекті, жаппай қуғын — сүргінге ұшырады. Оған қоса, өзге елдерден келген адамдарды қабылдады.

Еліміз осы жылдары жоғалтан халық санына 1970 жылдары ғана əзер жетті. Қазір «Ашаршылықтан 2 миллион  адам қаза тапты. 25 мың адам атылды» деп айтылып жүр. Мұның өзі қаншалықты рас екендігін кім біледі.

Осындай зұлматпен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғысыңыз түк емес. Онда 1 миллион  300 мың қазақстандық майданға аттанғанымен, оның тең жартысы қайта оралды.

Ал, ашаршылық жылдарындағы адам шығыны есепсіз еді. Сондықтан, Жеңіс мерекесінен бұрын осы қаралы күнді дұрыстап атап өту керек.

Мәселен: 1915 — 1923 жылдары Осман империясы тарапынан Арменияға ұйымдастырылған Армян геноцидін қазір Армения əлемнің түкпір- түкпірінде айтып, Түріктерден жауап беруді сұрап жүр.

Оның дүние жүзінде мойындалуын қайта- қайта көтеруде. Сол Армян геноцидіндегі адам шығыны Қазақ геноцидіне қарағанда қаншама төмен еді.

Саяси қуғын — сүргін ұйымдастырған сол кездегі орыс билігі ешқашан кешірілмеуі керек. Сонымен қатар, КСРО — ның заңды мұрагері қазіргі Ресей де бұл үшін жауапты болуы тиіс…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *