Таңдаулы жаңалықтар:

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Балықбаев Абылайхан Алибекұлы келді.
Абылайхан Алибекұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі-жоғары. Мамандығы бойынша заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2005 заңгер көмекшісі болып бастаған ол көптеген компанияларда,атап айтқанда «Service-NK» ЖШС, директоры,
«Қуатжылуорталық-3» МКК, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Аталған орталық 18 бен зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Сонымен бірге жұмыс орын ұсынады, кәсіптік оқытуды ұйымдастырады, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды атқарады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі