Жуалы аудандық газетіне жаңа басшы тағайындалды

Берік Жұмабайұлы Жакулаев Жамбыл облысы, Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің директор-бас редакторы болып тағайындалды,-деп хабарлайды Zau.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа басшы 1987 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында  туған.  Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды  «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалы- «Қазақстан-Тараз телеарнасында редактор, Ақпарат бөлімінде спорт дикторы, қылмыстық-хроникалық «Тосқауыл» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі, өңірдегі спорт саласын саралайтын «Жамбыл-Спорт» хабарының жүргізуші-редакторы, облыстың тыныс-тіршілігі жайында сыр шертетін «Тараз KZ» бағдарламасының сценарист-жүргізушісі  қызметін атқарған.

2015 жылдан Жамбыл  облыстық «77 TV»  коммерциялық теларнасында аға редактор болды.

2017 жылғы қараша айынан бүгінгі күнге дейін КТК телеарнасындағы «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында штаттан тыс редактор болып еңбек етті.

Zau.kz  ақпарат агенттігінің ұжымы Берік Жұмабайұлын жаңа қызметімен құттықтап, зор денсаулық, мол игілік тілейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *