Жуалы аудандық ауруханасында жүргізілген сауалнама нәтижесі

03/07/20201min1480

«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі жүргізген сауалнамаға жалпы 26 қызметкер қатысып, 15 аурухана басшылығы тарапынан ешқандай қысым, ақша жинау фактілері орын алмайтынын көрсетсе, қалған 11 қызметкер әр түрлі құқық бұзушылықтар жиі болатындығын жасырмады.

Атап айтсақ:

9 қызметкер мекемеде түрлі себептермен ақша жинау фактілері орын алатынын айтып отыр.

Ал, 3 қызметкер COVID19 кезінде төленген үстемақыны мүлдем алмағандарын айтып ашынды.

8 қызметкер басшылық тарапынан басқа да себептермен қысым көрсету жағдайлар болып тұратынын растады.

Құрметті медицина қызметкерлері, егер де сізге пандемия кезінде үстемақы толық төленбей немесе басшылық тарапынан қызметтік бабын асыра пайдалану, қысым көрсету фактілері орын алып жатса, төменде көрсетілген байланыс номерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

87072101424 немесе тегін 1424 CALL-орталығы