Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары және партияның Қаратау аудандық филиалы жанындағы Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде Қаратау ауданының Саяси Кеңес Бюросында сыбайластық жемқорлыққа қарсы бүгінгі күнге дейінгі аудандағы атқарылған жұмыстартуралы есебімді бердім.

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес өз жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына, «Nur Otan» партиясының Жарғысы мен Доктринасына және партияның 2016-2021 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасынан», оны іске асыру жөніндегі Жол картасынан туындайтын міндеттерді басшылыққа ала отырып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде.

Саяси Кеңес Бюросын аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Әліқұлов жүргізді. Есептік отырыста бірқатар сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Алдағы уақытта ауданымызда осы бағытта атқарылатын жұмыстардың барысымен хабардар етіп, партияның ұстанымын алға тартатынымды жеткіздім

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *