Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің маңыздылығына айрықша тоқталған болатын. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып келеді.
Осы бағытты қолдау мақсатында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «Жомарт жүректі» азаматтарды марапаттадық.
Жомарт азаматтарға 5 номинация бойынша құрмет көрсетілді. Атап айтқанда «Жыл меценаты»– Серік Тульбасов, «Туған өлке» – «Химфарм» зауытының директоры Ижи Урбанец, «Жыл тұлғасы»– Рабиға Байтемірова, «Жылдың үздік ұйымы»– Данара Саранова және «Ерен еріктілік»– Жазира Асан аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.