Жолдауға қолдау

09/10/20201min180
Білім мерекесімен қатар ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті Жолдауын жариялаған еді. Жолдауға қолдау көрсету, оның елдімекендерде кеңінен насихаттап, орындалу жүйелі жұмысын бағдарлау мақсатында жұмысшы топ Қордай ауданында болды. Жиынға Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, департамент жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің жетекшісі Назима Жувандикова және коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаты, қоғамдық келісім, ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Басты мақсат- Жолдаудың сапалы әрі жүйелі орындалу барысын насихаттау. Сөзден іске көшу сәт туды. Ашықтық, жариялылық, халық үніне құлақ асу- уақыт талабы!