Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша дайындалған Жол картасының 10-шы іс-шарасында биылғы жылда кәсіптік білім беру саласында мамандар даярлау, дуальді оқыту моделін енгізу қаламыздағы колледждердің барлығында іске асыру жоспарланған. Осы іс-шараның орындалуын бақылауда ұстауға жауапты болғандықтан, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мекемесіне барып, мониторинг жұмыстарын жүргіздім.

2021-2022 оқу жылында колледжде 1106 студент білім алуда. Штаттық кестеге сәйкес ұжымда 98 педагог жұмыс жасайды, оның 62- оқытушы, өндірістік оқыту шебері -36. Сапалық құрамы: жоғары санатты – 15, І санатты – 23, магистрлер саны -28, педагог-шебер-3, педагог-сарапшы — 4, педагог-модератор-9.

Колледждің әлеуметтік әріптестеі-32 кәсіпорын, олармен кәсіби іс-тәжірибие өткізуге келісім шарттар түзілген оның ішінде дуалдық жүйе бойынша 10 кәсіпорынмен жұмыс жасалуда. Оған қоса колледж «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясымен екі жақты меморандум жасасып қазіргі таңға сол аймақта орналасқан (8 кәсіпорынмен) ЖШС «Әлем-БТ», ЖШС «АГФ-Групп», ЖШС «Тұмар», ЖШС «Назар Текстиль», ЖШС «Бал-Текстиль», ЖШС «Azala Cotton», ЖШС «Оңтүстік Кашемир» ЖШС, ЖШС «Lux Shoes» фабрикаларында колледждің студенттері кәсіби іс-тәжірибиеден өтіп, бітіруші түлектер жұмысқа орналасады. Дуальды оқытуда барлық жағдай қарастырылып, білімнің сапалы болуына атсалысуда

.