Таңдаулы жаңалықтар:

«ЖЕР-2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық-техникалық колледжi» МКҚК-да қала әкімі М. Айтеновтың 2021 жылғы 20 тамыздағы №16-04-05/8841 санды хатын орындау мақсатында «Жер-2021» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Сейсможаттығу өткізілді.

Сейсможаттығуға колледждің АҚ штабының бастығы, колледж директорының ОӨІЖ орынбасары Н.Ерғазы басшылық етті. Жаттығуға АҚ әкімшілігі, АҚ топтары құрамы, оқытушылар, техник құрам және колледждің барлық 1-2 курс студенттерi толық қатысты. Сейсможаттығу барысында қатысушылар өздерінің жерсілкінісі кезіндегі міндеттерін орындау бойынша білімдерін пысықтады. Құтқарушылар тобы, санитарлық пост, қоғамдық тәртіп қорғау командасы өз міндеттерін орындады.
Сейсможаттығу соңында белсенді қатысқан студенттер колледж әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.