Жемқорлықпен күресу-баршаға ортақ міндет

23/01/20201min220

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу әдістемесі бойынша мемлекеттік қызметтегі заңгерлерге арналған семинар өтті. Басқосуға аймақтағы мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен заңгерлер қатысты. Мемлекет басшысы Жолдауда орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет деген болатын. Қаізргі таңда осы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бүгінгі семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасы түсіндірілді. Яғни, жаңа өзгерістерге байланысты сараптама жүргізу. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Зәуреш БАТТАЛОВА семинарда дәріс оқып, құнды ақпараттарымен бөлісті. «Аталған заңнамадағы өзгерістерге елімізде сараптама жүргізіледі.Барлық өңірдегі оқыту жұмыстары аяқталған соң, заңгерлер пулы қарастырылады», деп ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ЖОБ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Равиль ТӨЛЕБАЕВ оқуға қатысты пікірін білдірді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru