«Жазғы демалыс – 2020» бағдарламасы іс жүзінде

Бүгін білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жазғы демалыс – 2020» бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары арасында спорт жұлдыздарымен таңғы жаттығу, тоғызқұмалақ, скакалкамен секіру сынды спорттық ойындар өткізілді.


Ондағы негізгі мақсат жасөспірімдерге адам денсаулығының баға жетпес байлық екенін түсіндіру және бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу болды.
Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында өткізілген шарада Тараз қаласындағы #24 мектеп-гимназиясының Дене шынықтыру пәні мұғалімі, ҚР «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2019» байқауының жеңімпазы Дмитрий Воронько мектеп оқушыларына таңғы жаттығу жүргізді.


Бұдан бөлек, «Әулиеата» спорт клубының тоғызқұмалақ спортынан жаттықтырушысы Ербол Нұрханов оқушыларға тоғызқұмалақ ойындары бойынша шеберілік сыныбын өткізіп, оқушылардың ұлттық спортқа деген таным-қызығушылығын кеңейтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *