Таңдаулы жаңалықтар:

ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ - Zau.kz

Бүгінде Шымкент қаласында 8 саябақ және 39 гүлзарлар мен аллеялар, 37 субұрқақ, 44 ұңғыма, 50 ескерткіштер бар.

Саябақтар мен гүлзарларға 2022-2026 жж. аралығында даму концепциясының жобасы әзірленді. Концепция жобасы-жалпы қалалық саябақтар жүйесін қалыптастыру, демалушыларға қолжетімді аумақта орналасуы, саябақтарда жаңа сценарийлерді құру және тағы басқа да жұмыстар жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдың тамыз айында қала аумағындағы халық санының артуын ескере отырып, жаңадан 23 гүлзар орындарын салу бойынша ұсыныс берілді. Ұсыныс қала әкімімен қолдау тауып, әр жыл сайын 5-10 гүлзардан салып, қаланың көгалдандыру аумағын 30,25 гектарға арттыру жоспарланып отыр.
Қала аумағындағы саябақтарды кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарынан өткізу бойынша Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта аудан әкімдерімен келісіліп, бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қаладағы субұрқақтардың жұмыс уақытын айқындайтын кесте бекітілді, қала аумағындағы барлық субұрқақтар бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *