Жауынгерлік самбодан Жамбыл облысының намысын қорғайды

 

Бүгін «Динамо» қоғамы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Жомарт Ысқақов және самбодан Полиция департаменті құрамасының аға жаттықтырушысы Ержан Баймұратов жауынгерлік самбо шеберлерін Семей қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына шығарып салды.

Атап айтқанда, ПД Оқу-жаттығу взводының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ерлан Махмутов (68 келі), полиция капитаны Ерік Сүлейменов (74 келі) және Әлібек Аманжолов (90 келі) жауынгерлік самбодан ақпанның 4 мен 8 аралығында өтетін ҚР чемпионатында Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.

Аталған қызметкерлер ағымдағы жылдың ақпан айында өткен облыс чемпионатында үздік өнер көрсетіп, республикаға жолдама алған болатын. Алдағы додада әріптестерімізге біз де сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі