Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы Еңбекші аудандық бөлімшесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Жиынға қатысқан аудан әкімі Досбол Есілбек, аудан әкімінің орынбасары Досалы Асылбек, Шымкент қаласы ішкі саясат, отбасы және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділхан, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев жастармен кездесті.

Қонақтарға бөлімшенің қызмет атқару мүмкіндіктерін таныстырылды, алдағы уақытта атқарылар іс-шаралардың жоспарлары баяндалды.

Досбол Күздікбайұлының айтуынша, қазіргі таңда жастар саясатына жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Осындай жастар бөлімшелерінің жұмысы қала әкімінің тікелей бақылауында жүзеге асырылуда. «Жастарды жұмыспен қамтып, қоғамдық шараларға белсене жұмылдыру мәселесі басты назарда тұр» деді басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділхан.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Аудан әкімі өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді.