Таңдаулы жаңалықтар:

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Болашағына сенімді жастар» бағыты аясында жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруын қолдау мақсатында 12-ші қараша күні халықты жұмыспен қамту орталығы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат қабылданған болатын.


Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты грантқа өтініш білдіру онлайн форматта жүзеге асырылды.

Осыған орай, бүгін мемлекеттік грант комиссиясының қаралымы өткізілді. Қаралым барысында жалпы 507 азаматтың құжаты іріктелуде.

Жалпы, онлайн форматта өтінім білдірген азаматтар саны -1000. Грант талаптарына сай өтінімдер беріп,комиссия қаралуына жіберілгендер -507, құжаттары толық емес өтінімдер-97, санатқа жатпайтындар өтінімдер-258, ал қайталанған өтініштер саны-138.

Айта кетсек, бұл жолы мемлекеттік грантқа 29 жасқа толмаған төмендегі санаттағы азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Олар:

«Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жастар;
 тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген ағымдағы жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын 29 жасқа дейінгі отбасы мүшелері;
 қандастар мен қоныс аударушылар қатарындағы жұмыссыз азаматтар;
Жоғары аталған санаттағы жастар қатары жұмыссыз ретінде немесе кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін рәсімдеу мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.

Жалпы, мемлекеттік грант саны — 200. Грант мөлшері — 583 400 тг (200 АЕК ).
Грант комиссиясының шешімі жақын арада әлеуметтік желі парақшаларына жарияланып, қала тұрғындарының назарына ұсынылатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *