Таңдаулы жаңалықтар:

Жастар орталықтарының қызметкерлері бюджетке қаражатты кері қайтарды

18/09/20201min1250

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстағы жастар ресурстық орталығының қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Мониторинг нәтижесінде сыбайлас тәуекелдерді алдын алу мақсатында орталықтардың ұйымдастыру — басқару қызметіндегі кемшіліктер бойынша ұсыныстар енгізілді.

Оның ішінде, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарды және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын (жастар саясаты бағытындағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) қайта бекіту, Талас, Т.Рысқұлов және Мойынқұм ауданындағы орталықтардың еңбек ақы төлеу тәжірибесін бірегейлендіру туралы ұсыныстар енгізілген.

 Ал, Байзақ ауданы жастар ресурстық орталығының 2 қызметкері Астана қаласында болып заңсыз алған 650 мың теңге іссапар шығындарын толығымен бюджетке кері қайтарды.

Сол сияқты, Меркі ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің талаптарын бұзып төлеген артық 160 мың теңге қаражат бюджетке кері қайтарды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Жамбыл

облысы бойынша департаменті

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *