Таңдаулы жаңалықтар:

Қаламызда Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы жалғасын табуда. Қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен аталған шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қалалық қан орталығына бұл жолы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар, мұғалімдер, рухани жаңғыру орталығының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, волонтерлер және белсенді жастар, жалпы саны 100-ге жуық адам қан тапсыруға жиналды. Оның ішінде талапқа сай келген 30-дан астам адам қан тапсырып, қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесті.
– Жаңа оқу жылын игі іспен бастауды жөн көріп, жастарды оның ішінде студенттерді донорлық акцияға шақырып отырмыз. Жоғары және арнаулы оқу орындарының шәкірттерімен қатар, 10-ға жуық мекеме қызметкерлері бүгінгі акцияда белсенділік танытуда. Әр үш айда осы игі шара жалғасын табады. Орталығымыздың бірқатар қызметкері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Басты мақсат – көмек қолын созу, — дейді Жастар ресурстық орталығының директоры
Ерлан Айтбаев.

Айта кетейік, деннің саулығымен қоса қан тапсыру үшін бірнеше талаптар бекітілген. Қан тапсыруға 18 жасқа толған, салмағы 55 келіден асатын денсаулығында кінәраты жоқ әр адам донор бола алады. Сонымен қатар, 48 сағат бұрын дәрі-дәрмектер мен алкогольді өнімдерді қабылдамау және мүмкіндігінше темекі шекпеу керек.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *