Таңдаулы жаңалықтар:

Аудан басшылары абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аулаларды аралап, атқарылған жұмыстарды көрді. 2021 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен 56 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы абаттандыру жұмыстары


«Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қазан айында тұрғындардан жобалық ұсыныстар қабылдау жоспарда бар, бұл туралы алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдікдіктің әлеуметтік желілерінде хабарландырулар жарияланады. Жобаға қатысу бойынша аудан әкімі аппаратының мамандары тұрғындарға әдістемелік көмек көрсетеді, 43-30-40 телефон номеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.