Жаңатаста сүт цехы ашылады

23/06/20201min1400

Жалпы біздің халық үшін сүттің орны бөлек. Қазақ қашаннан «ақ мол болсын» деп, сүт өнімдерінің қадіріне ерекше мән берген. Елімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерінің 20 пайызы сүт өндірісінің үлесінде екендігі белгілі.
Сүт өнімдерін пайдалану көлемі жыл сайын артып келе жатқандығын ескерсек, бұл көрсеткішті бұдан әрі көбейту қажеттілігі туындайтыны айқын.
Алайда, мамандар дастарқанынан құрт-ірімшігі үзілмеген елде сүт индустриясының толық деңгейде ілгерілей алмай отырғандығына алаңдаушылық білдіруде.
Оған себеп — сауда орындарындағы сырттан тасылатын өнімнің күн санап көбейіп бара жатқандығы. Ол үшін өзіміздің сүт өнімдері өндірісін арттырып, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату керек. Үкіметтің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірлеуі де осындай мақсаттан туған болатын.
Күні бүгін Сарысу ауданында жергілікті кәсіпкер Фархат Шайымқұлов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған еңбек бағдарламасы» аясында 16,4 млн. теңге несие алып, сүт цехын салды. Жалпы жоба құны 65,0 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған.
Бүгінгі таңда негізгі жабдықтарын орнатып, іске қосуға дайындалуда. 10 адам жұмыспен қамтылады және жергілікті шаруалардан тәулігіне 2000 литр сүт жиналып, өңделетін болады.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *